Елордалық полицейлер ерекше челлендж бастады
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянинаның әлеуметтік желіге жүктеген челлендж видеосында үстіне оқ өтпейтін кеудеше киген полиция қызметкерлері ЭКСПО-2017 кешені аумағында кеудені жерден көтеру жаттығуын жасады. Тіпті, бір полицейдің мұндай жаттығуды арқасына қыз отырғызып жасағанын байқауға болады.
«Бастама мақсаты - дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау. Полиция үшін спорт - кәсіби қызметтің маңызды құрамдас бөлігі. Қызметкерлердің дене дайындығы алға қойылған мақсаттарды тиімді орындауға және жұмысқа қабілетті сақтауға мүмкіндік береді», - дейді Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковингі Рүстем Шәрібаев.
Айта кетерлігі, Астана полиция қызметкерлері эстафетаны Алматы қалалық ІІД полиция қызметкерлеріне жолдады.