Елордалық полицейлер ескертеді: қала көшелерінде сыра ішкендерге 1 ең төменгі айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынады

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Елордалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жұртшылықтың арасында қоғамдық орындарда алкогольдік сусындарды ішуге жол бермеу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізуде.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана қаласы ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Батырлан Есенбай мәлімдеді.

Егер сыра сияқты алкологольдық өнімдерге қатысты 336-ыншы бапты қолдану бұған дейін даулы мәселе болып келсе, енді жағдай өзгерді. Сондықтан да Астана қаласы ІІД қызметкерлері жұртшылықтың арасында қоғамдық орындарда алкогольдік сусындарды ішуге жол бермеу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізуде, деді Б.Есенбай. «Бұл заңды бұзғандарға әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады», - деп атап көрсетті ол.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 2-сінен бастап қала көшелерінде алкогольдық сусындарды ішуге тыйым салынды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-ыншы бабында «спирттік» деген сөз «алкогольдік» деген сөзбен алмастырылған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336-ыншы бабында көшелерде, стадиондарда, саябақтарда, қоғамдық көлікте және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл төлеу көзделген.  

«Егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін осындай әрекеттер жыл ішінде тағы қайталанса, бірден екі айлық көлемге дейін айыппұл салынады», - деді Б.Есенбай.

«Осы бөлімнің аталған бабында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкен немесе мас күйінде жүргені жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған адамдар екіден бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ерекше жағдайларда істің мән-жайын немесе құқық бұзушылықтың жеке басын ескере отырып, бұл шара жеткіліксіз деп танылатын болса, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін», - деді Б.Есенбай.

Соңғы жаңалықтар