Елордалық полицейлер іздеуде жүрген 16 қылмыскерді ұстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер полицияның қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп желтоқсанның 25 мен 31-і аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Іс-шараның мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күресті күшейту және елорда аумағында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу.

Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысында, полиция қызметкерлері 140-тан астам қылмысты ашып, іздеуде жүрген 16 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар, 3700-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде, 1700-ге жуығы тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру, 430 шетел азаматтарының ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзуы, 175 ұсақ бұзақылық пен 70-тен астам жүргізуші көлік құралын масаң күйінде тізгіндегені үшін ұсталған.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Госман Жакиннің айтуынша, полиция қызметкерлері күшейтілген режімде жұмыс атқарған. Қоғамдық тәртіпті бұзудың өрескел фактілері болмады. Өткен тәулікте 73 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 азамат жеңіл дене жарақаттарын алды. Сонымен қатар, елордалық полицейлер масаң күйінде көлікті тізгіндеген 6 жүргізушіні ұстады.


Соңғы жаңалықтар