Елордалық полиция департаментінің басшысы есеп береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қарашада «Астана» концерт залының ғимаратында Астана қалалық Полиция департаментінің бастығы Марат Қожаев тұрғындарға есеп береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Есептік кездесу сағат 10:00-ден 12:00-ге. Қала тұрғындары мен қонақтары өздерін алаңдатқан сұрақтар мен ұсыныстарын алдын ала жолдауларына болады.
«Елордалықтар астаналық полиция қызметінің (қылмыстың алдын-алу, мемлекеттік құқық және тәртіпті қорғау, қылмысқа қарсы күрес, жол қозғалысы қауіпсіздігі және т.б.) мәселелері бойынша өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын prdvdas@mail.ru немесе «Есеп беру кездесуі» белгісімен mvd.gov.kz сайтындағы «Құрылымдық бөліністер» бөлігінде (Астана қ. ПД) «Астана қаласы ІІД бастығының блогына» жолдай аласыз», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қала тұрғындары 8 (7172) 71- 61-24, 71- 63-75, 71- 62-80 нөмірлері бойынша хабарласа алады.