Елордалық полиция қызметкерлері онлайн режімде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елорданың Ішкі істер департаменті әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп,

Елордалық полиция қызметкерлері онлайн режімде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

«Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында интернет конференция өткізді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Интернет пайдаланушылар бір сағат бойы онлайн режімде заң және психологиялық сипаттағы мәселелерге қатысты түрлі сұрақтарға жауаптар алды.

Астаналықтар ішімдік ішетін көршілеріне қатысты ұйғарым шығарумен, қалада тіркелу және жұмысқа орналасу құжаттарымен байланысты сұрақтар қойды. Астана қаласының ІІД Әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері мен шақырылған тұлғалар барлық 19 сұраққа толық жауап қайтарды.

Іс-шараның мақсаты - азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін күшейту, халық топтарын тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу бойынша қабылданатын іс-шаралар туралы хабардар ету, құқықтық сауаттылықты арттыру.