Елордалық жүргізушілерге бұдырлы дөңгелекті күнде ауыстырып отыру ыңғайсыздық туғызады - ҚР ІІМ басшысы
«Бұның мән-жайын мен білмеймін, яғни бұдырлы шегесі бар дөңгелектердің келтіретін зияны туралы саланың мамандары нақтылау керек. Екіншіден, қала әкімінің елорданың жолдары таза болғандықтан, кәдімгі дөңгелекпен жүруге болады деген пікірі де дұрыс. Бірақ, жүргізушілер күнделікті қала аумағынан тыс жолдарға шығады. Сондықтан күнде бұдырлы шегесі бар дөңгелекті ауыстырып отыру ыңғайсыздау болады», - деді министр. Осы орай ол техник мамандарға бұл бағытта тиісті тапсырмалар берілгенін, олар зерделеу шараларy жүргізетінін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның соңында елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов жөндеуден өткен жолдардың тез бұзылуындағы себептердің бірі көліктерде бұдырлы шегесі бар дөңгелектерді пайдалануға байланысты екенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Астанада 1300 ірі нысан салынып жатыр. Осы орайда жыл сайын қала көшелерімен 700-ге жуық бетон араластырғыш және өзге де жүк көліктері қозғалады. Бұл көліктер жыл сайын миллиондаған рейстер жасайтынына тоқталған И. Тасмағамбетов, «олар тақтатастарды, кірпіштерді және өзге де ауыр жүктерді тасымалдайды. Бұған қоса жолдарға 6 ай қыс пен қала көшелеріндегі 400 мың машина әсер етеді. Бұдырлы шегесі бар дөңгелектерді салып алған көліктер қыс айларында асфальттың бір сантиметр қабатын қырып түсіреді», - дейді әкім. Осы орайда қала аумығында бұдырлы шегесіз дөңгелектермен жүру керектігі айтылды.