Елордалықтар күннің шеңберленіп тұтылуын сағат 13:42-ге дейін көре алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандықтар күннің ерекше тұтылуына куә бола алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл астрономиялық құбылыс, яғни күннің шеңберленіп тұтылуы Ай Жерден барынша алыстап, өзінің эллиптикалық орбитасында тұрғанда болады. Сондықтан ол күннің жиегін толық жаппайды, деп хабарлайды v-kosmose.com ресурсы.

Жарияланған бақылау тізіміне сүйенсек, Нұр-Сұлтанда күннің тұтылуы 21 маусым сағат 11:30 кезінде басталып, күндізгі 13:42-ге дейін жалғасады.

Бұл құбылыс шамамен сағат 12:35 кезінде анық көрінеді. Алматыда күннің тұтылуын 11:16-дан бастап 14:06-ға дейін тамашалауға болады.

Әсіресе 12:40 шамасында анықтап қарауға кеңес береміз.

Мамандардың айтуынша, бұл Күннің 2020 жылғы ең қысқа және ең анық шеңберленіп тұтылуы болмақ. Олар мұндай астрономиялық құбылысты арнайы күн фильтрін қолдана отырып тамашалау керектігін еске салады.

Еске салсақ, бқған дейін 21 маусымда күн тұтылатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар