Елордалықтар Қысқы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын қазақстандық ұлттық құрамалардың спортшыларын қарсы алды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Жексенбі, 23 қаңтар күні елордалықтар 7-Қысқы Азия ойындарында өнер көрсететін қазақстандық ұлттық құрамалардың спортшыларын қарсы алды.
None
None

Бұл туралы Ойындарды ұйымдастыру жөніндегі елордалық дирекциядан мәлім етті.

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын отандық спортшыларды қарсы алу іс-шарасы «Мәдени Азиада» аясында «Думан» ойын-сауық кешенінің алдында салынған алып мұз қалашығында өтті.

Спортшыларды «7-Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ-ның президенті Анатөлі Құлназаров пен қала әкімінің орынбасары Аида Балаева қарсы алды.

Олимпиада қозғалысының дәстүріне сәйкес, Ойындар әрбір ел үшін «Қарсы алу» шарасынан басталады. Оның барысында қатысушы әр елдің әнұраны шырқалып, мемлекеттік байрағы көкке көтеріледі. Бірақ Қазақстанның бейбіт аспанында Азия Олимпиадалық кеңесіне кіретін барлық 45 елдің туы желбіреді.

Осы күннен бастап сондай-ақ, белгілі қытайлық компания тұрғызған этно-үлгідегі алып мұз қалашығы келушілер үшін есігін айқара ашып, Азия ойындарының қарсаңында әзірленген мәдени іс-шаралар ресми түрде бастау алды.

Соңғы жаңалықтар