Елорданың Байқоңыр ауданында бір қабатты павильон өртеніп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Астаналық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы өртке жедел жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Астанадағы өрт
Фото: Видеодан скрин

— Елордада құтқарушылар осы сәтте Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонда шыққан өртті сөндіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс жасап жатыр.

Бұдан бұрын Астанада гараждан басталған өрт қонақүйдің шатырына дейін тарағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар