22:12, 16 Қазан 2025 | GMT +5
Елорданың кебір тұрғындарына 17 мың теңгеден беріледі
АСТАНА. KAZINFORM — Республика күніне орай атаулы әлеуметтік көмек алатын астаналықтар 17 мың теңгеден алады. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты.
Бұл әкімдік беретін бір реттік төлем. Тізімді Астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жинақтайды.
Қаражат 25 қазанға дейін түскен АӘК алушылардың өтініші негізінде беріледі. Биылғы есеп бойынша қазір 7700 адам әлеуметтік көмек алады.
Бұл былтырғыдан 900 отбасыға азайған.
Айтпақшы, биыл 25 қазан сенбіге түсіп тұр, сол себепті демалыс дүйсенбі – 27 қазанға ауыстырылады.
Айта кетелік Республика күні Астанада қандай шаралар өтетіні туралы жазған едік.