Елордада Сығанақ көшесі екі күнге жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылады. 

дорожный знак жол белгісі
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, Сығанақ көшесінің Шыңғыс Айтматов көшесінен бастап Тұран даңғылы дейінгі учаскесінде сол жақ жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жүргізіледі. 

Осыған байланысты 24-26 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етілетін болады.

а
Фото: Астана әкімдігі

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» деп ескертеді әкімдіктен.   

Соңғы жаңалықтар