Елорданың тұрғын алаптарында инженерлік желілер қалай салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Онда «Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы Ерлан Сыздықов тұрғын алаптардағы инженерлік желілер мен жол инфрақұрылымын салу барысы жайында айтты.

Астана
Фото: Ақорда

— Елорданың тұрғын алаптарында инженерлік желілер мен жол инфрақұрылымын салу бойынша 9 жобаны әзірлеу және жүзеге асыру жүргізіліп жатыр. олардың ішінде «Өркен» мен «Кирпичный» жобаларын абаттандырусыз биыл аяқтау, «Промышленный» мен «Шұбар» жобалары бастау жоспарланып отыр. Қалған 5 жоба әзірленіп жатыр. оларды келесі жылы бастау көзделеді, — деді мекеме басшысы. 

Оның айтуынша, «Кирпичный» тұрғын алабында сумен жабдықтау және су бұру желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр. қазірдің өзінде 5,8 шақырым кәріз желісі салынды. Бұл жоспардың 95 пайызын құрайды. Дренаж желісі 100 пайыз аяқталды. 1,8 шақырым немесе су құбыры желісінің 84 пайызы, жаңбырға арналған кәріз желісі 0,4 шақырым, немесе 50 пайызға дайын. Биыл аталған жұмысқа 1,3 млрд теңге бөлінген.

«Өркен» тұрғын алабында ұзындығы 63 шақырым болатын жолдың 61,4 шақырымы төселді. Жалпы ауданы 69,5 мың шаршы метр болатын жаяу жүргіншілер жолының 66 мың шаршы метрі дайын. 77 шақырым электр желісі, 83,2 шақырым су бұру желісі, 71 шақырым кәріз желісі салынды. 17 кәріз сорғы стансасы бой көтерді. Қалған 3 станса әлі игерілмеген учаскеде орналасқан. Олар келесі жылы салынады.

Соңғы жаңалықтар