Елорданы Астанаға ауыстыру Қазақстан халқын біріктірген тарихи жоба болды ? И.Тасмағамбетов

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Елорданы Астанаға ауыстыру Қазақстан халқын біріктірген, еліміздің экономикалық-әлеуеметтік өсіміне қозғаушы болған тарихи жоба болып табылады.
None
None
Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Астана қаласының әкімі, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.И.Тасмағамбетовтың айтуынша, Астана ұлтымыздың жасампаз әлеуетін ашты. Ол еліміздің мүмкіндіктерінің өлшемі болды. Осының арқасында Астана бүгінде еліміздің барлық өңірлерінің дамуына серпін берген Қазақстанның жүрегіне айналды. «Астана еліміздің бейнесі. Оның келбетінен мықты мемлекет құруға деген ұмтылыс айнадағыдай көрінеді. Астана еліміздің жан жүрегі. Астана деген барлық қазақстандықтардың үміті мен арман мүддесі топтасқан еліміздің жан-жүрегі», - деді Астана әкімі. И.Тасмағамбетов. Астана ғасырлар арқылы өзінің сипатын, тәуелсіз Қазақстанның қуаттық қарқынын алға жетелейтін қала екенін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар