Елорданың 20-дан астам көшесіне тарихи тұлғалардың есімі берілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордадағы 22 көше мен 1 саябаққа жаңа атау берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорданың 20-дан астам көшесіне тарихи тұлғалардың есімі берілмек

Ашық НҚА порталында жарияланған қалалық маслихаттың шешіміне сай, Астанадағы мына көшелердің атауы өзгереді:

Алматы ауданы бойынша:

- Нәзір Төреқұлов көшесіне – Айбас көшесі;

- Гейдар Әлиев көшесіне – Мұзафар Әлімбаев көшесі;

- жобалық атауы А30 көшесіне – Оралхан Бөкей көшесі;

- жобалық атауы А40 көшесіне – Сырбай Мәуленов көшесі;

- жобалық атауы А564 көшесіне – Әмен Қайдаров көшесі;

- жобалық атауы № 101 көшесіне – Бұйрат көшесі;

- жобалық атауы А139 көшесіне – Ақтекше көшесі;

- жобалық атауы А184 көшесіне – Кендірлі көшесі;

- жобалық атауы А185 көшесіне – Кеңсаз көшесі;

- жобалық атауы А187 көшесіне – Қарашығанақ көшесі;

- жобалық атауы А206 көшесіне – Қимасар көшесі;

- жобалық атауы А207 көшесіне – Қойтас көшесі;

- жобалық атауы А208 көшесіне – Тасөткел көшесі;

- жобалық атауы А344 көшесіне – Маймекен көшесі.

Нұра ауданы бойынша:

- жобалық атауы Е108 көшесіне – Шандор Петөфи көшесі;

- жобалық атауы Е13 көшесіне – Нәзір Төреқұлұлы көшесі;

- жобалық атауы Е29 көшесіне – Тәттімбет көшесі;

- жобалық атауы Е33 көшесіне – Қорқыт ата көшесі.

Байқоңыр аудандары бойынша:

- Әл-Фараби даңғылына – Ақжол даңғылы;

Есіл ауданы бойынша:

- Сәбит Мұқанов көшесіне – Шұбартау көшесі;

- жобалық атауы № 28/1 көшесіне – Анадолу көшесі;

- жобалық атауы № 29/1 көше мен Түркістан көшесінен басталып, Ұлы Дала даңғылында аяқталатын атаусыз көшеге – Нұрлан Балғымбаев көшесі.

Ал Байқоңыр ауданындағы Егемен Қазақстан газеті көшесінің бойында орналасқан атаусыз саябаққа «Журналистер саябағы» атауы беріледі.

Елорда мәслихатының шешім-жобасы 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.