Елорданың автобус парктері басқарудың ұйымдастырушылық тетігін өзгертуді қолға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың № 1, 2, 3, 4, және 6 автобус парктері басшыларының айтуынша, бүгінгі таңда Астананың қоғамдық көлік саласында айтарлықтай өзгерістер бар. Бірінші кезекте, бұл Astana EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуде тиісті деңгейде қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстың жаңа форматына тікелей қатысты, деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайтында.
None
None

«Біз барлық өзгерістерді дұрыс қабылдап, ол өзгерістердің алғашқы оң нәтижелерін көріп жатырмыз», - дейді қалалық қоғамдық көлік мекемелері басшыларының басым бөлігі. Автобус парктері басшыларының айтуынша, көлік саласының мамандары өз жұмыстарын тиянақты атқаруға негізделген. Ал түйткілді мәселе туындаған жағдайда тікелей қала әкімшілігімен шешеді. Қоғамдық көліктердің елордалық автопаркі заманауи талаптар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, толық көлемде жолаушыларды тасымалдауға мүдделі. Былтырдан бастап, Астанада жүргізушілер мен кондуктарлардың біліктілігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Автобус парктерінің басшылары қалалық автобустардың персоналы тұрақты түрде біліктілікті арттыру орталығына қайта даярлауға жіберіліп отыратынын алға тартады. - Әрқайсымыз өз саламызды жетік меңгергенбіз, елорданың қоғамдық көлік саласын модернизациялауды жүзеге асыру бағытындағы жауапкершілікті сезінеміз, - дейді №№ 1, 2, 3, 4 және 6 автобус парктерінің өкілдері. - Сондықтан, түйткілді мәселелердің оң шешімін табу үшін қала тұрғындарынан қызмет көрсету сапасын арттыруға белсенді араласуларын сұраймыз.

Соңғы жаңалықтар