Елорданың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көлік жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы қоғамдық көліктің жұмыс режиміне енгізілген өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биылғы 25 желтоқсандағы жағдайы бойынша қалада 17 972 (+60) COVID-19 жағдайлары тіркелген, оның ішінде 16 465 науқас (92%) сауығып шықты. 1151-і стационарлық және амбулаториялық ем-дом алып жатыр. 356 өлім жағдайы (1,9%) тіркелді», - деді Жанна Пірәлиева.

Оның айтуынша, кыркүйек пен қазан айының алғашқы он күнінде қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланды, бірақ қазан айының екінші жартысынан бастап репродуктивті сан 1-ден асты, сондықтан қала «сары аймаққа» өтті.

«Қала 10 желтоқсанға дейін «сары аймақта» болды, әрі қарай «қызыл аймаққа» ауысып бір апта тұрды. Қаладағы жүргізіліп жатқан шектеу және карантиндік шаралар нәтижесінде індет жұқтырудың төмендеуі байқалды. Нәтижесінде, қала «жасыл аймаққа» ауысып, әрі қарай 22 желтоқсаннан «сары аймаққа» көшті. Қазіргі кезде қала «сары аймақта» тұр», - деді бас санитарлық дәрігер.

Оның сөзіне қарағанда, жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ соңғы 2 аптада инфекциялық ауруханалардың жүктемесін және тұрғындардың індетке қатысты медициналық көмекке жүгінуі бойынша біршама оң тенденцияны ескере отырып, қаладағы кейбір жекелеген қызмет түрлерінің жұмыс режимдерін қайта қарау туралы шешім қабылданды.

Осы орайда қоғамдық көлік жұмысына қарбалас сағаттарда автобустар санының артуымен соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен салонда тазалық жұмыстарын жүргізу ескерілген. Сонымен қатар автобустың барлық есіктерін ашу, жолаушылар үшін санитайзер орнату, әлеуметтік арақашықтықты міндетті түрде сақтау, маска тағу режимін орындау талаптары қойылған. Жұмыс, демалыс әрі мереке күндері сағат 6:00-дан 23:00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді.


Соңғы жаңалықтар