ЕЛОРДАНЫҢ ҚҰРДАСЫ: Павлодарлық болашақ агрономның мақсаты - елді азық-түлікпен қамтамасыз ету

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнологиялар факультетінің студенті Диана Мұратхан мектепте оқып жүргенде-ақ өзінің болашақ өмірін жоспарлап қойған.
None
None

Бойжеткен агроном мамандығын игерген соң ауылға барып, агрокәсіпорындарда жұмыс істеуге бел буған. Өміріндегі басты мақсаты - елді азық-түлікпен қамтамасыз ету. Диана жаңа технологиялардың, арнайы техниканың, алып жер ресурстарының көмегімен халыққа және экспортқа арнап мол өнім алуға болатынын айтады.

Атап өту керек, Диана қалада туып-өскен. Мамандық таңдауға не әсер етті деп сұрағанда: «Әжем мен атамда бақша болған. Бала кезімде оларға өсімдіктерді күтуге көмектескенмін. Бұл іс маған ұнайды»,- деп жауап берді.

Диана 9-сыныптан «Самұрық» ҚБ дебат клубына барып жүр.  Саяси тақырыптарда жақсы пікір алмаса алады. Ол Елбасының ұстанған бағытын қолдайды.  

«Президентіміз - атақты тұлға. Оның сыртқы саясатының арқасында Қазақстан барша әлемге бейбіт, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде танылды.  Ол жаңа елорданы - Астана қаласының құрылысы бастамасын көтерген.  Бұл - тез дамып келе жатқан және мегаполиске айналған қала, - деді Диана. - Елорданың туған күнінде Астанаға баруым мүмкін».

Диана Астанада болған. Оның арманы елімізді аралау. Ол арманы жүзеге асып келеді. Ол ПМУ ақпараттық тобының құрамында. Студенттер Қазақстанның қалаларына барып, жастарды өздерінің ЖОО-да білім алуға шақырады.  Өскемен, Семей, Түркістанға табан тіреген.

«Мен патриотпын, - дейді қыз. - Отанымды сүйемін, сүйікті астанамызды мақтан тұтамын. Отанымның өркендеуіне үлес қосқым келеді».

 

Соңғы жаңалықтар