Елорданың Нұра ауданында полиция басқармасын құру туралы Үкімет қаулысы шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелерi туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті Нұра ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесi құрылсын. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ҚР Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін», - деп жазылған қол қойылған күннен бастап күшіне енген Үкімет қаулысында.

Қоса кетсек, таяуда Астанада жаңадан құрылған Нұра ауданының шекарасы бекітілген болатын.

Сонымен қатар, ол ауданның әкімі болып Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар
telegram