Елорданың тәртіп сақшылары жазғы киім үлгісіне көшті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қажымұқан Мұнайтпасов стадионында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің жеке құрамының жазғы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың тәртіп сақшылары жазғы киім үлгісіне көшті

Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді.

Саптық байқау барысында Департамент басшылығы елордалық полиция қызметкерлеріне жүктелетін міндеттерді абыроймен атқарып, азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қаматамасыз етуге бар күш-жігерлерін салуға бағыттады.

«Салтанатты шара аяқталған соң елордалық гарнизонның барлық бөлімшелері саптық шеруге қатысты. Олардың қатарында учаскелік полиция қызметкерлері, тергеушілер, әкімшілік полиция қызметкерлері, оперативтік қызметкерлер, жол-патруль полицияның қызметкерлері бар. Шара барысында елордалық гарнизонның бөлімшелері ұжымшылдығы мен біліктілігін көрсетті», - делінген хабарламада.
Жазғы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын қызметкерлердің шеруімен аяқталды.

null


Фото: patrul.kz