Елші А.Жанқұлиев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Берн қаласында лауазымды саяси қайраткерлермен кездесті

АСТАНА.Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Швейцария мен Ватикандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аманжол Жанқұлиев ақпанның 24-інде дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Берн қаласында Швейцария Сыртқы істер министрінің орынбасары Пьер Хельгпен және Швейцарияда тіркелген дипломатиялық корпустың дуайені, Ватикан елшісі Франциско Каналинимен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Хельг еліміздің Орталық Азия аймағындағы көшбасшылық рөлі мен экономикалық және саяси әлеуетіне баса назар аудара отырып, «Қазақстан Швейцарияның маңызды серіктесіне айналып келе жатыр», - деп мәлімдеді. Оның айқын көрсеткіші ретінде елдер арасындағы тауар айналымының жылдан жылға өсіп, 2008 жылдың қорытындысы бойынша 2,5 млрд. АҚШ долларына жеткенін атап өтті. Сонымен қатар швейцариялық дипломат Астана Берн үшін көп сала бойынша маңызды серіктесі болғанын айтты. Елші Ватиканның Швейцариядағы өкілімен кездесуі барысында екіжақты байланыстарды нығайту мәселесін талқылады. Ф.Каналини Католик шіркеуінің басшысы Бенедикт XVI қазіргі таңда әртүрлі діндер мен конфессиялар өкілдерінің арасындағы достық пен диалогтың тұғырына айналған Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі бастамасын өте жоғары бағалайтынын жеткізді. Қазақстан жерінде ұйымдастырылып келе жатқан Форум, төзімділік пен адамды құрметтеу сияқты ұғымдарға ерекше мән бере отырып, әртүрлі діндер мен конфессиялық ұйым өкілдерінің пікір алмасатын жиынына айналғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ Ватикан Елшісі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезіне Киелі Тақтың жоғары өкілі қатысатынын мәлімдеді. Елші кездесу кезінде әріптестерін Еуропа елдерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында қабылдаған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасымен де таныстырып өтті.
Соңғы жаңалықтар