Елші-дипломат Әділ Ахметовтің жаңа кітабы жарық көрді

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, елші-дипломат, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметовтің жаңа жинағы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Ғасыр ғибраты" деп аталатын бұл жинақта жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті мен ондағы Қазақстанның дара жолы туралы сараптамалық мақалалар топтастырылған.

"Жинаққа енген мақалалардың 99 пайызы әр жылдары "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген. Оларды жаһандық геосаясаттың бүгінгі-болмыс бітімі, ондағы Қазақстанның дара жолы және мұсылман әлемі деп үшке бөлдім. Кітапта қазіргі құбылмалы геосаясат, көш басында тұрған Американың жағдайы, Қытай мен Еуропа, Сингапурдың жағдайы туралы пайымдамалар бар. Саясат сұңғылалары - Збигнев Бжезинский, Генри Киссинджер, Джозеф Стиглиц, Джереми Рифкин ғұламалардың кітаптарын сүзіп шығып, соның синтезін өз елімізге пайдасы тиер-ау деген мақсатпен топтастырдым", - деді Әділ Ахметов жаңа кітаптың таныстырылымында.
null  

Автордың айтуынша, жаңа жинақ жас дипломаттар мен саясаткерлер үшін пайдалы болмақ.

Қалың оқырманға қолжетімді ету үшін "Ғасыр ғибратының" электронды нұсқасы Егемен Қазақстан газетінің сайтында жарияланған.

Әділ Құрманжанұлы Ахметов 1941 жылы Алматы облысы Нарынқол селосында дүниеге келген. 1963 жылы Алматы шет тілдері институтын ағылшын және қазақ тілі мамандығы бойынша бітірген. Кейінірек, осы институтта оқытушы, аға оқытушы, декан, проректор, ректор қызметтерін атқарған. 

Одан бөлек, Әділ Ахметов ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары (1999-2000), ҚР Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2000-2001) болған. 2001 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін құрды. 2007-2013 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комитет хатшысы және ЕҚЫҰ сол кездегі төрағасының Мұсылмандарды кемсіту және шеттетумен күрес жөніндегі жеке уәкілі болды.

Соңғы жаңалықтар