Елші Харш Кумар Джайн: Қазақстан мен Үндістан мемлекет басшыларының кездесуін ұйымдастыру керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайнды қабылдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Парламенттің жоғарғы палатасының басшысы Қазақстан қазіргі әлемдегі беделді мемлекет болып табылатын Индиямен көп салалы ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз беретінін атап өтті. Төрағаның пікірінше, мұндай ынтымақтастықтың әлеуеті зор, соған байланысты оны іске асыруға жұмыла күш салу керек. Қ.Тоқаев екі ел арасындағы парламенттік алмасулардың маңыздылығын атап өтті.

Елші Үндістан Қазақстанның негізгі халықаралық бастамаларын қолдайтынын, біздің елімізбен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытып отырғанын мәлімдеді және осы мақсатта жоғары деңгейдегі кездесулер ұйымдастыру қажет деп санайды.

Сенат Төрағасы Қазақстанның экономикалық дамуының локомотивіне айналатын еліміздің «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын мейманға таныстырды және үнді кәсіпкерлерін оны іске асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы ретінде Қ.Тоқаев Съезді шақыру жөніндегі Қазақстан бастамаларын дамытуға көптеген жылдар бойы белсенді қатысқаны үшін Үндістан өкілдеріне ризашылық білдірді.

«Биылғы маусым айында Астанада V Съез өтеді, ол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуына арналады. Алдағы форум жер жүзіндегі орнықты бейбітшілік пен келісім жолындағы діни лидерлер мен саясаткерлердің өзара іс-қимылының оңтайлы үлгісін іздестіру жөніндегі пікірсайыстар мен жаңа жасампаздық идеяларының молдығымен есте қалады деп ойлаймын», - деді Сенат Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар
telegram