Елші: Тунис таяу уақытта КО-ға қосылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис таяу уақытта Кеден Одағына қосылуды көздейді, деп мәлімдеді РФ-дағы Тунис елшісі Али Гутали "Россия сегодня" ХАА баспасөз конференциясында.
None
None

Бұлтуралы ria.ru жазады.

«Кеден одағы - өте маңызды құрылым. Еркін сауда аймағын құру арқылы осы одаққа қосылуды жөн деп таптық. Еуразиялық қауымдастықпен осындай аймақ құруды жоспарлаудамыз. Белгілі бір шаралар қабылдап та қойдық, алайда бұл уақытты қажет етеді», - деді ол.

Елшінің айтуынша, тунистіктер одаққа кіруге сауал жіберуге уағдаласқан. «Біз бұған сеніміділікпен қараймыз және таяуда бұл одақтың мүшесі боламыз», - деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар