Елшілік: Украинадағы қазақстандықтар консулдық есепке тіркелуі керек

КИЕВ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Украинадағы Консулдығы ел азаматтарын төтенше жағдай бола қалған жағдайда көмек көрсету үшін есепке тұруды сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігіне сілтеме жасап.

Елшілік: Украинадағы қазақстандықтар консулдық есепке тіркелуі керек

Уақытша консулдық есепке елшілікке келмей-ақ, ҚР елшілігінің сайтындағы «Консулдық және визалық мәселелер» бөлімінің «ҚР азаматтарына арналған консулдық бөлімнің қызметтері» бөлімінде орналасқан есепке алу карточкасын толтырып және оны төлқұжаттың көшірмесімен бірге электрондық поштаға consul.kiev@mfa.kz жібере отырып, орындауға болады.

Маңызды ақпараттарды Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің веб-сайтынан, әлеуметтік желілерінен және жедел мессенджерлері арқылы бақылауға болады:

Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev?lang=ru;

Facebook: https://www.facebook.com/KazEmbassyUkr/;

Instagram: @kazembukr;

Telegram: t.me/KZembassyinUKR;

Telegram-bot: @ConsulKZinUAbot;

Елшіліктің байланыс телефондары (Қазақстан Республикасы азаматтарының шұғыл байланысы үшін): +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08.