Елсияр Қанағатов: Бүгінгі жеңістеріміз - елдегі спорт күніне тартуымыз

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бүгінгі жеңістеріміз елдегі спорт күніне тартуымыз. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.
None
None

«Кешеден бергі Риодағы жеңістеріміз - елде аталып өтіп жатқан спорт күніне жасаған үлкен сыйымыз. Біздің Риодағы спортшыларымыз осы атулы күн қарсаңында бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Міне, бүгін Гюзель Манюрова да финалға шықты. Осының барлығы - елдің қуанышы», - деп атап өтті Елсияр Қанағатов.

Сондай-ақ, спортшылардың жетістігіне көңілі толатынын айтты.

«Біздің спортшылар өте жақсы өнер көрсетіп жатыр. Барлығы жеңіс үшін аянып жатқан жоқ. Жарыс болған соң жеңіліс те болады. Жеңіс тұғырына жете алмаған спортшыларымызға да үлкен құрметпен қарауымыз керек. Олар жеңілсе де, елдің намысы үшін күресті. Жеңіске ұмтылды. Бірақ, жолдары болмады», - деді комитет төрағасы.

Соңғы жаңалықтар