Елтаңба, Ту және Әнұран әрбір қазақстандық өмірінің ажырамас бөлігіне айналды - Қорғаныс министрліндегі салтанатты жиын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
None
None

Баяндама жасаған Бас штаб бастығының орынбасары - ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник М.Таласов бұл күннің тәуелсіз еліміздің даму және нығаю тарихындағы маңызын атап өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс минисрлігінің баспасөз қызметі.

«Елтаңба, Ту және Әнұран әрбір қазақстандық өмірінің ажырамас бөлігіне айналды, мемлекетіміздің айнымас негіздері болып табылатын мемлекеттік рәміздерді құрметтеу дәстүрі қалыптасты», - деді М.Таласов.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде Қарулы Күштеріміздің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында салтанатты митингтер, тақырыптық сабақтар, патриоттық акциялар өтті.

Қазақстан армиясы әскери қызметшілерінің мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасы ерекше. Олармен әскери борышты адал атқару, Отанға қалтқысыз қызмет ету, тәуелсіздігіміз бен ұлттық мүдделерімізді қорғау сынды абыройлы міндеттер астасып жатыр.

ҚР Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы бекітілген, ал 2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні болып жарияланды.

4 маусым әрқашан егемен еліміздің жаңа тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні болып қала бермек.

Соңғы жаңалықтар