Елянұр Тұрғанова бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына төртінші алтынды салды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық боксшы Елянұр Тұрғанова жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы атанды. 

Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада 50 келіде сынға түскен Елянұр бейтарап спортшы ретінде қатысқан Карла Пикті қапы қалдырды. Ол жекпе-жек барысында жинақы қимыл көрсетті. Қарсыласына көбірек соққы жасады. Екінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер бірауыздан Елянурдің жеңісіне қолдау білдірді.

Е. Тұрғанова әлем чемпионатында алдымен түркиялық қарсыласын бірінші раундта сан соқтырса, одан кейін Өзбекстан (5:0), Грекия (5:0) боксшыларын жеңді.

Айта кетсек, ел құрамасынан бұған дейін Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар