«Эми» дауылы Швецияға келіп жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қатты дауыл сенбі күні Швецияның батыс және оңтүстік жағалауларына жетті6 деп жазды Азертадж.

«Эми» дауылы Швецияға келіп жетті
Фото: Азертадж

Нидинген аралында желдің жылдамдығы 33 м/с-ке жетті. Вестра-Гёталанд аймағында 3 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, бірқатар аудандарда ағаштар құлап, жолдарда үзілістер болды, соның ішінде кейбір жолдар уақытша жабылды.

Стокгольмде жел көшедегі дәмхананың шатырын ұшырып әкетті, ал Гётеборгта ағаш көліктерді автотұрақта басып қалды. Лисеберге ойын-сауық саябағында дауылдың салдарынан аттракциондарды тоқтатып, келушілерді эвакуациялады. Құтқарушылар негізінен құлаған ағаштармен байланысты 60-тан астам шақыртуға жауап берді.

Жаман ауа райы әуе қатынасына да әсер етті. Копенгагенде бір ұшу-қону жолағы жабылды, бұл Швецияның SAS әуе компаниясының барлық Скандинавия бойынша рейстерінде кешігулерге әкелді.

Швецияның метеорологиялық және гидрологиялық институтының (SMHI) мәліметінше, дауылдың желі елдің шығыс аймақтарына жетеді, бірақ жексенбі күні желдің күші әлсірейді деп күтілуде, алайда жаңбырлар елдің көп бөлігінде сақталады.

Айта кетейік, Вьетнамда тропикалық дауылдан 12 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар