Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» Сан-Паулу халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның картинасы Бразилиядағы 37-інші Сан-Паулу халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесімен оралды. 1977 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан бұл байқауда биыл кинорежиссерлерден филиппиндік Лав Диас, австриялық Ханс Вайнгартнер, беларус Сергей Лозницы, бразилиялық Моники Гарденберг пен кинооператор Сесар Чарлоне төрелік жасаған болатын. Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтарын» қазылар алқасы ең үздік фильм деп таныды.
None
None
Жалпы «Үндестік сабақтары» бұған дейін Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмысы үшін «Күміс аю» мен «Morgen Post» газетінің жүлдесін иеленген еді. Сондай-ақ АҚШ, Еуропаның бірқатар елдеріндегі түрлі фестивальдерден әрқилы жүлделермен оралған болатын.
Соңғы жаңалықтар