Эмманюэль Макрон X парақшасында қазақша пост жазды

Қозоғистон – Европа ва Осиёни боғлайдиган олтин кўприк – Эммануэль Макрон
Фото: akorda.kz

Кеше 1 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макрон X (бұрынғы Twitter) желісінде қазақша пост жазды, деп хабарлайды Kazinform

«Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді», - делінген Франция Президентінің жазбасында. 

Еске салайық, 1 қарашада Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция Президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды

Қазақстан мен Франция президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Макрон бұл сапар екіжақты серіктестік үшін маңызды жылмен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Қазақстан Президенті Франция — Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Президент кездесу кезінде білім және ғылым саласындағы жобаларды қолға алуға ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді.

Эмманюэль Макронның айтуынша, қазақ мектептеріне француз тілін оқыту тәжірибесі қайта оралғаны маңызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі түрлі саяси шиеленістер мен экономикалық дағдарыстар елді алаңдатып отырғанына тоқталды.

Соңғы жаңалықтар