Эмомали Рахмон «Орталық Азия – Германия» мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді
АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон «Орталық Азия – Германия Федеративтік Республикасы» мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Ховар ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар құшақ жая қарсы алды.
Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне әуежай аумағы мемлекеттік тулармен безендіріліп, құрметті қарауыл жасақталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанаға ресми сапармен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц келген болатын.
Сондай-ақ Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бүгін «Орталық Азия – Германия» мемлекет басшыларының екінші отырысына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.