08:48, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Ең сұлу бойжеткен анықталды ? Павлодар
ПАВЛОДАР. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда өткен байқауда ең сұлу бойжеткен анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Павлодар аруы- 2009» тәжі 12 сұлудың ішінен бағы жанған Сәния Бекжановаға кигізілді, деп хабарлайды. Ағымдағы жылы бұл конкурсқа қатысуға 15 пен 20 жастың аралығындағы 60-тан астам сұлу ниет білдірген болатын. Ақтық кезеңге 12 бойжеткен ғана шыға алды. «Раисаның Сән театры» ұйымдастыратын дәстүрлі бұл конкурсқа қатысушылардың барлығы сұлулықтарына ақылдары сай арулар болды: олардың барлығы шет тілдерін үйреніп жүрген, сурет салатын, кітап оқуды, музыка тыңдауды жақсы көретін, би билейтін, спортпен айналысатын бойжеткендер.