Ең таңдаулы баяндамаға байқау жарияланады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Ғаламдық қауіп-қатер жүйесіндегі Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ең таңдаулы баяндамаға байқау жарияланады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Байқауға қатысу үшін баяндамаларды 2009 жылғы наурыздың 10-ына дейін мына айдарлардың төңірегінде aefo@bk.ru поштасына жіберуге болады: Әлемдік қаржы дағдарысы: себептері және салдарын барынша азайту тәсілдері; G-20 елдеріне арналған дағдарысқа қарсы ұсынымдар; Әлемдік дағдарыс жағдайындағы Қазақстан экономикасының даму проблемалары және оның салдарын барынша азайту тәсілдері; Мемлекеттің Ислам қаржы индустриясын дамытудағы рөлі.Әрбір айдардың жеңімпазы 500 доллар көлемінде сыйақымен марапатталады. Ал ең таңдаулы ұсынымдар G-20 Мемлекет басшылары саммитінің Ашық хаттар мәтініне кіргізіледі. Байқауға кез-келген ниет білдіруші қатыса алады.
Соңғы жаңалықтар