Ең терең көк ойық табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Суға толған Карст шұңқырлары әлемнің барлық жерінен кездеседі. Бұған дейін оның ең тереңі Багамдағы көк шұңқыр саналып келген, алайда қазір одан да тереңі табылды, деп хабарлайды National Geographic.

Ең терең көк ойық табылды

Көк ойық (blue hole) - бұл теңіз деңгейіндегі карст шұңқырлары. Оны тұнық суда қара көк болып жататындықтан солай атайды. Ол әк жарықтарды жауын суының шайып кетуінен пайда болады. Олардың көбі мұз дәуірінен бері бар. Олардың көлемі де әртүрлі, Багам аралдарындағы Дина көк шұңқырының тереңдігі 202 метр. Жер бетінде диаметрі 25-тен 35 м, ал 20 метр тереңде ол 100 метрге дейін кеңейеді.