Ең төменгі әлеуметтік стандартар үш жылда бір реттен артық қаралмауы шарт - Е. Досаев

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы туралы жобаның таныстырылымы болып өтті.
None
None

«Мемлекет басшысының «Қазақстан стратегиясы - 2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында түп негізінде мемлекет өз азаматтарына жаһандық дағдарыс жағдайында ең төменгі әлеуметтік стандарттар ұсынуға кепілдік беруі туралы қағидаттар қамтылған. Мұндай әлеуметтік стандарттарды белгілеу арқылы азаматтарға өмірлерінің әр кезеңдерінде әлеуметтік қызметтердің ең төменгі қажетті деңгейін ұсыну көзделген», - деді Экономика және өңірлік даму министрі Ерболат Досаев. Оның айтуынша, әлеуметтік стандарттар түсінігін анықтау мақсатында Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен бірігіп зерттеу жүргізілген. Зерттеу қорытындысы бойынша әлемдік тәжірибеге сәйкес, әлеуметтік стандарттың 3 түрі бар екені айқындалды. «Жалпы, ең төменгі әлеуметтік стандарттар егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе үш жылда бір реттен кем қаралмауы тиіс», - деді министр.

Тоқтала кететін жайт, аталмыш тұжырымдама жобасының басты мақсаты Ата заң мен өзге де заңнамалық актілермен кепілдендірілген, республикалық және жергілікті деңгейлерде жыл сайынғы бюджетті қалыптастыруда міндетті болып табылатын әлеуметтік қызметтердің ең төменгі деңгейін анықтау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар