Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенция Сенаттың жалпы отырысына шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда комитет мүшелері «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.
None
None

Конвенцияның негізгі мақсаты мемлекеттің ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін сақтау құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте әрбір мемлекет жалақыны ұжымдық шарт арқылы немесе өзге де жолмен тиімді реттеудің белгілі рәсімі болмаған және жалақысы өте төмен өнеркәсіптің белгілі бір салаларында (атап айтқанда үй шаруашылығында) жұмыс істейтін еңбекшілер жалақысының ең төменгі мөлшерлерін белгілеуге міндеттеледі.

«Жалпы, Конвенция Халықаралық Еңбек Ұйымына мүше-мемлекеттер тарапынан белгілі бір салалар үшін жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеуді енгізу мен соны сақтаудың үдерістерін қамтамасыз етуге бағытталады», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қайрат Әбсаттаров.

Оның айтуынша, құжаттың 4-бабына сәйкес, нақты салалардағы еңбек жалақысының деңгейі бекітілген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек және бұл келісімшарттар мен ұжымдық келісімдер арқылы төмендетілмеуі тиіс. Бұл ретте конвенцияны қабылдаған әрбір мемлекет осы мәселелердің жүзеге асуына барлық шараларды қабылдайтын болады.

Жалпы, вице-министрдің айтуынша, еліміздің ағымдағы жағдайы және ұзақ мерзімді даму міндеттерімен байланысты қолда бар мүмкіндіктер, тиімділік пен қажеттілік осы конвенцияны қабылдаудың негіздемелері болып табылады.

Тұтастай алғанда, конвенция бойынша ең төменгі мөлшерлемелер қолданылатын және жалақыны анағұрлым төмен мөлшерлемелер бойынша алған жүмысшы өзіне толық төленбеген соманы сот тәртібімен алуға құқылы болады.

Соңғы жаңалықтар