10:58, 26 Қараша 2011 | GMT +5
Ең үздік қолдан жасанған жаңажылдық ойыншыққа Павлодар қаласында байқау жарияланды
ВЛОДАР. 26 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ең үздік қолдан жасалған жаңажылдық ойыншыққа Павлодар қаласында байқау жарияланды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Байқауға қатысуға 7 жастан 18 жасқа дейінгі қала тұрғындары шақырту алды. Балалар өз қолдарынан шыршаға арналған жаңажылдық ойыншықты жасап шығулары тиіс.
Байқаудың ережесі бойынша әр қатысушы шыршаға арналған үш ойыншық ұсынулары тиіс. Ойыншықты жасау барысында қиял мен шеберлікті ұштастыра білген қатысушылар сыйлықтармен марапатталады.
Қағаз, бисер, мата сондай-ақ табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар, «Жаңа жылдық қиял» және «Жас дарын» аталымы бойынша бағаланатын болады.
Ең үздік шығармалар Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтетін арнайы көрмеге қойылады.
Аталмыш байқауды Павлодар қаласының «Орталық кітапхана жүйесі» мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырып отыр.