Еңбек адамы туралы үздік материалға 100 мың теңге беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Адал еңбек» жобасы аясында еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған қалалық байқау жарияланды, деп хабарлайдды елорда әкімдігінің ресми сайты.

деньги, тенге, ақша
Фото: Александр Павский / Kazinform

Байқауға БАҚ өкілдері, блогерлер, инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары, тәуелсіз авторлар мен мобилографтар қатыса алады. Қатысушылар жұмыстарын үш негізгі номинация бойынша ұсынады:

• «Үздік телевизиялық/бейнематериал»;
• «БАҚ-тағы үздік жарияланым»;
• «Үздік цифрлық контент/медиажоба».

Сондай-ақ «Креативті көзқарас», «Трендтегі медиаролик» және басқа да арнайы номинациялар қарастырылған.

Жүлде қоры — 500 000 теңге. Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздарға — 100 000 теңгеден, арнайы номинациялар бойынша — 50 000 теңгеден беріледі.

— Жұмыстар 7-21 қыркүйек аралығында қабылданады. Өтінімдер мен конкурстық материалдарды қабылдау: онлайн форматта жүзеге асырылады. Байланыс нөмірі: +7 700 968 8204, — дейді ұйымдастырушылар.

Олардың сөзінше, байқаудың мақсаты — жұмысшы және кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, түрлі сала мамандарының ел дамуына қосқан үлесін көрсету және қоғамда адал әрі жауапты еңбек мәдениетін насихаттау.

Айта кетейік, жеңімпаздар марапаттау рәсімі 27 қыркүйек күні өтеді.

Осыдан бұрын Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды.