Еңбек министрі өзінің қанша зейнетақы алуы мүмкін екенін айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Сенат кулуарында журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповадан дәл қазір зейнетке шықса қанша зейнетақы алуы мүмкін екенін сұрады. 

Еңбек министрі өзінің қанша зейнетақы алуы мүмкін екенін айтты
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Мен 3 түрлі төлем алар едім. Өйткені жұмыс өтілім 1998 жылдан бұрын басталған. 16 жастан бастап, 10-сыныптан кейін жұмыс істедім. Сәйкесінше менде БЖЗҚ-да жинақталған ақша мен базалық зейнетақы бар, — деді ведомство басшысы.

Министр бұл төлемнің ақшаға шаққандағы сомасы қанша болатынын есептеп көрмегенін айтты.

— Сомасын есептеп көрмеппін. Бірақ бәрінікі сияқты болады. Дәл бүгін зейнетке шықсам, базалық зейнетақым минималды болар еді — 32 мың теңгенің шамасында. Ал базалық зейнетақының орташа мөлшері 47 мың теңге, — деді Светлана Жақыпова.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамтуға бөлінген 70 млрд теңге бюджетке кері қайтаруды жоспарлап отырғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар