Еңбек министрлігі әлеуметтік қызметке мұқтаждардан өтініш күтпейтін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ендігі уақытта мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың өтінішпен келгенін күтпей өзі анықтайтын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан әлеуметтік қызметкерлерінің форумында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ұсынылатын қызметтердің атаулылығын күшейту үшін өтініш беруден анықтау әдісіне көшу жоспарлануда. Өтінішпен ғана жұмыс күрделі жағдайдың аяқталғанын болжайды. Оны шешу айтарлықтай күш-жігерді талап етеді. Бұған қоса, алдын алу сәті, ерте кезеңде аталған жағдаймен жұмыс істеу мүмкіндігі, яғни теріс тенденцияның дамуына жол бермеу қолдан сусып кетеді», - деді министр.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, осыған байланысты қызметке мұқтаж контингентті жергілікті жерлерде анықтау қарастырылуда. Бұл қызмет жеке және азаматтық сектордың аутсорсинг ұйымдарына толықтай беріледі.

«Нәтижесінде азаматтардың әлеуметтік тізілімі немесе қызмет алушының әлеуметтік төлқұжаты түзіледі. Онда азаматтың қажеттіліктері және алатын қызметтері туралы ақпарат болады», - деді ол.

Сонымен қатар ол елімізде әлеуметтік қызмет көрсетудің критерийлерін қайта қарау жоспарланып отырғандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар