13:01, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Еңбек ұжымдары мектеп оқушыларына өз көмектерін ұсынады
АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Мектепке жол» республикалық акциясы ақтөбеліктер арасында кең пікір туғызды.
Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Гүлбаршын Айдарханованың айтуынша, аз қамтылған отбасыларға тек облыс кәсіпорындары ғана көмек көрсетіп қоймайды. Мұсылмандардың оразасы кезінде дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер ұжымдары балаларды мектепке даярлауға өз көмектерін ұсынады.
Акция басталған тамыздың 15-інен бастап 5 279 мұқтаж оқушыға жалпы 11,2 млн. теңге сомаға көмек көрсетілді.