Еңбек заңнамасын сақтамаған шетелдік компанияға 2 млн. жуық теңге айыппұл салынды - БҚО

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, Орал қаласындағы «Ұлы қорған» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС-нің филиалын тексеру барысында ҚХР азаматтары, бұрғылау инженері Ли Лян мен инженер Янь Канның Қазақстанда шет елдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай немесе шет ел жұмыс күшін тартуға тиісті құжаттарды рәсімдемей 2015 жылдың қаңтарынан маусым айына дейін жұмыс жасағаны белгілі болды.
Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасы «Ұлы қорған» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС-не қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 519-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғады. Соның негізінде Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Ұлы қорған» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС-не аталған бап бойынша 1 мың АЕК көлемінде 1,982 млн. теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза белгіленді.