Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдерге қол қойды

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат – Облыс және Астана және Алматы қалаларының әкімдері республикалық бюджетте көзделген мақсатты трансферттер шегінде тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізу жөнінде өздеріне міндеттеме алады.
None
None
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық аймақтардың басшыларымен осындай келісімге қол қойды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы А.Дүйсеновтің хабарлауынша, әңгіме «ҚР-сының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге бөлінген мақсатты трансферттер жөнінде болып отыр. Осы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру нысандары құрылысы мен іске қосылатын нысандарға, мемлекеттік атаулы көмекке және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы бөлінеді. Келісімде әкімдіктер пайдаланылған қаржы бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты қол жеткізілгені туралы министрлікке есеп беріп отыруды көздейді. Тараптар бюджеттік қаржының өз мақсатына пайдаланылмағаны, сондай-ақ дер кезінде аударылмағаны үшін бір-бірінің алдында жауап береді. Мұндай келісім мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы билік арасында алғаш рет жасалып отыр.
Соңғы жаңалықтар