Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдарға байырғы атаулары қайтарылды

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Кеңестік дәуірде бірде-бір қазақ мектебі болмаған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ауылдарында қазір қазақ балалары толықтай білім беру мекемелерімен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері атауларының, археологиялық, тарихи, мәдени ескерткіштердің және ерекше көрікті табиғи жерлердің атаулары туралы арнайы анықтамалық кітаптың авторы Әділбай Талқанбаев айтты.
None
None
«300 мыңдай тұрғыны бар Еңбекшіқазақ ауданында кеңестік дәуірде Есік қаласы мен Жаңашар, Балтабай мен Қаракемер ауылдарында қазақ тілінде тек малшылардың балаларына арналған мектеп-интернаттар ғана жұмыс жасайтын. Елді мекендер мен мектептердің атаулары түгелдей дерлік орысша болатын. Сондықтан 1991 жылы аудандық білім беру бөліміне басшылық еткен кезде, жұмысты бірінші кезекте олардың атауын қазақшалауға және қазақ балаларын ұлттық мектепке тартуды жолға қоюдан бастадық», - дейді аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы Әділбай Талқанбаев. Оның айтуынша, аудандағы 79 ауыл мен 82 мектепте қазақ балалары түгелдей білім беру мекемесімен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда атауы өзгермей қалған ақырғы Маловодный ауылының да атын ауыстыру мәселесі қаралып жатыр. Әу бастағы атауы Құрғақсаз болған бұл ауылды кеңестік дәуірде Маловодный деп атап кеткен көрінеді. Сондықтан толықтырылып екінші рет басылып отырған бұл кітаптың мақсаты ең алдымен жастарды жер-су атаулары мен есімдері көшелер мен ауылдарға берілген қазақтың әйгілі батырлары мен басқа да көрнекті тұлғаларымен таныстыру болып отыр. Оның қазақшасы 10 мың данамен шықса, енді орысшасы 2 мың данамен жарық көрмек.
Соңғы жаңалықтар