Еңбекшілдер ауданында балабақшалар ашуға қаржы қарастырылды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданында жергілікті мектептер жанынан шағын балабақшалар ашу мақсатына бюджеттен он миллион теңге төңірегінде қаржы қарастырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Теміржан Хамитовтың айтуынша, тек ағымдағы жылы Степняк қаласындағы нөмірі 1-ші, Қазгородок, Қоғам ауылдарында осындай мектеп жасына дейінгі мекемелер бой көтермек. Оларды қажетті жабдықтар және ойыншықтармен қамтамасыз ету мақсатына қазынадан бес миллион теңге мөлшерінде қаржы бөлінген. Қазірдің өзінде аудан орталығында бір балабақша мен мектеп жанынан шағын орталық жұмыс жасауда. Бұған дейін Аңғалбатыр, Еңбекшілдер ауылдық округтерінде осындай балғындар мекемелері ашылған болатын. Алдағы уақытта өңірде балабақшаларға деген сұранымды толықтай қанағаттандыру бірінші кезектегі міндет ретінде қарастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар