Еңбекшілдер ауданында туристік нысанды іске қосуға екі миллион АҚШ доллары жұмсалды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданының көрікті аймағында «Бүркітті» туристік нысаны іске қосылып, өңірдің туристік кластерін дамытуда тағы бір қадам жасалды.
None
None
Осы мақсатқа екі миллион АҚШ доллары жұмсалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Айтулы демалыс орталығының құрылысын қаржыландырып, толықтай аяқтап шығуды Степногор қаласының меценаты Алексей Смагин өз мойнына алған болатын. Щучье-Бурабай курортымен жалғасып жатқан көрікті табиғат қойнауындағы жаңа орталықта бір мезгілде 60 адам денсаулығын жақсартып, саф ауада тыныстай алады. Ол үшін мұнда коттедж үлгісіндегі бес ғимарат, спорт алаңы, жүзу бассейні, қысқы спорт орталығы, балалар ойын алаңы өскелең талапқа сай жабдықталған. Ендігі күні мұнда жыл бойы демалуға толық жағдай бар.
Соңғы жаңалықтар