Енді Баянауылда ерекше қажеттілігі бар жандар да кедергісіз тыныға алады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Сабындыкөл жағажайын абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 623,6 млн мың теңге бөлінген. Жағажайда ерекше жандардың кедергісіз демалуына баса мән берілмекші.

Енді Баянауылда ерекше қажеттілігі бар жандар да кедергісіз тыныға алады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Баянауылдағы Сабындыкөл жағасында кеңауқымды абаттандыру жүріп жатыр. Жазда Жасыбай көліне түсетін туристік жүктемені азайту мақсатында қолға алынған жоба биыл күзде аяқталуы керек.

— Көл Баянауыл кентінің дәл жанында орналасқан. Жағажайды абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 623 млн 690 мың теңге бөлінді. Жұмыстарды «Ертіс арт Сервиз» ЖШС мердігер ұтып алды. Құрылыс материалдарын жеткізу, барлығы қарқынды жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, мердігер тарапынан ешқандай кедергісіз орындалып жатыр. Мұндағы абаттандыру жұмыстары тек көркейту мақсатымен ғана емес, инклюзивтілікке, яғни ерекше жандардың кедергісіз демалуына аса мән беріліп отыр. Жағажайға емін-еркін кіріп-түсуі үшін террассалық жол салынуда, ал көлік тұрағы асфальт жамылғысымен жабылған. Мердігер ұйым жоспарға сай жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады Баянауыл ауданының әкімдігінен.

Еске сала кетейік, биыл Баянауыл ұлттық паркіне кірудің жаңа тарифі енгізілді.

Соңғы жаңалықтар