Енді республикалық бюджет тек ірі жобаларға бөлінеді

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың ортақ міндеті жергілікті бюджеттердің параметрлерін сапалы болжау. Оның барысымен Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды.

Экономика министрлігі Ұлттық қорсыз бюджетті қаржыландыру мүмкін емес екенін мойындады
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— Республикалық бюджеттен жалпыұлттық маңызы бар объектілер және аса маңызды инфрақұрылым қаржыландырады. Қарапайым тілмен айтқанда, қомақты қаржы талап ететін, жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділік беретін жобалар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін алдымен қажетті объектілер — жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жалпы, соңғы жылдары жергілікті деңгейде салықтардың жоғары жиналуы осы тәсілдерді іске асыруға, республикалық бюджеттің жүктемесін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр, — деді Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Сонымен қатар министр жергілікті бюджеттерге қосымша функцияларды, нысаналы трансферттерді бере отырып, біраз үнемдейміз деп отыр. 

— Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың ортақ міндеті жергілікті бюджеттердің параметрлерін сапалы болжау. Жалпы біздің бағалауымыз бойынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік бюджет неғұрлым теңгерімді болады. Жергілікті бюджеттер өңірлік деңгейдегі міндеттерді шешу үшін өзін-өзі қамтамасыз етеді, өз кезегінде республикалық бюджет даму міндеттерін орындау қабілеті артады. Мемлекеттік бюджеттің даму бюджетінің 2026 жылы 15 пайызға дейін және 2028 жылы 25 пайызға дейін біртіндеп ұлғаюын күтеміз. Сонымен қатар, біз жергілікті бюджеттердің салалық саясатқа сәйкестігін айқындау мақсатында олардың шығыстарына шолу жұмыстарын бастадық. Мұндай талап Бюджет кодексінде депутаттық корпус пен Жоғары аудиторлық палата ұсыныстары ескеріле отырып көзделген, — дейді Премьер-министрдің орынбасары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай 2026 жылдан бастап тұрақты кірістің 40% жергілікті бюджетке жиналады

Сондай-ақ Үкімет сағаты барысында ел бюджетінің үш донор өңірі аталды

Соңғы жаңалықтар