Енді шаруалар малды онлайн баға ма: министр цифрлық шешімдерді таныстырды
АСТАНА. KAZINFORM — Мал шаруашылығын цифрландыру жануарларға бақылауды күшейтіп, өнімділік пен биоқауіпсіздік деңгейі арттырады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.

— Мал шаруашылығын цифрландыру жəне автоматтандыру сандық технологиялар фермаларды басқару тəсілін өзгертеді. Цифрландыру жұмысының арқасында бақылау күшейіп, өнімділік пен биоқауіпсіздік деңгейі артады. 2024 жылы жануарлардың цифрлық мониторингі нарығы 4,4 миллиард доллар болды. 2030 жылға қарай ол 8,5 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін. Фермаларда RFID белгілері мен қозғалыс сенсорлары орнатылып жатыр. Олар жануарларды нақты уақыт режимінде бақылап, малдың сырқатын тез анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар табын мен логистиканы тиімді басқаруға көмектеседі. Бүгінде мұндай жүйе Нидерланды, Дания жəне Канадада жұмыс істеп тұр. Жүйе көбіне 100 бас сиыр бар сүт фермаларында қолданылып жатыр, — деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.
Одан әрі министр дəлме-дəл мал шаруашылығын дамытуды сөз етті.
— Дəлме-дəл мал шаруашылығын дамыту цифрландырудың келесі қадамы. Оған малды автоматты азықтандыру, сумен жабдықтау жəне климатты бақылау кіреді. Бұл технология өнімділікті 10-25 пайызға арттырады. Сондай-ақ шығынды 15 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, жасанды интеллекті де қолданылады. Бұл малдың сырқаты мен мінез-құлқын болжауға көмектеседі. Одан бөлек, жайылымды бақылау үшін дрондар мен спутниктер қолданылады. 2029 жылға қарай дəлме-дəл мал шаруашылығы нарығы шамамен 8 миллиард долларға жетуі мүмкін, — деп толықтырды Жаслан Мәдиев.
Бұған дейін Цифрлық министр малдың жай-күйін анықтайтын смарт шешім туралы айтқан еді.