Эндаумент қорға инвестиция салған тұлғаларға салық жеңілдіктері берілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде эндаумент қорлар туралы заң әзірленіп жатыр. Заң жобасы мақұлданса, мұндай қорларға инвестиция салған кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға салық жеңілдіктері берілуі мүмкін.

салық
Фото: Kazinform

Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан эндаумент қорлардың форумында айтылды. Л.Гумелев атындағы ұлттық университетінің эндаумент қорының қамқоршысы Бақытжан Ақанның айтуынша, эндаумент қорлардың жұмысын жандандыру үшін арнайыз заң жобасы әзірленген.

«Қазір қазақстанда эндаумент қорлардың жұмысын реттейтін арнайы заң жоқ. Бақытжан Ақан заң жобасы жазылып біткенін, енді талқылап, қабылдау процесі қалғанын айтады. «Заң қабылданса, эндаумент қорлардың қызметі жандана түсер еді деп ойлаймын. Өйткені заңнамаға эндаумент қорға атсалысқан кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін беру ұсынылып отыр», - дейді эндаумент қордың қамқоршысы.

Бақытжан Ақан елдегі жоғары оқу орындарының жанынан ғана құрылған 20 шақты эндаумент қор бар екенін айтады.

«Қазақстан бойынша әр түрлі университеттердің жанынан ашылған жиырма шақты эндаумент қор бар. Әр қордың бағыты әрқалай. Мысалы, ЕҰУ эндаумент қоры мұқтаждығы бар, әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған студенттерді қолдауға бағытталған. Яғни, эндаумент қордың инвестициялық табысын осындай студенттерді қолдауға ғана бөлеміз. Қалған университеттер ғимараттарды жөндеу жұмыстарына, құрылғыларды сатып алуға жұмсайды. Қысқартып айтқанда эндаумент қордың бәрі университеттің дамуына жұмыс істейді», - деді ол.

Айта кету керек, эндаумент қордың өзге қорлардан айырмашылығы жиналған ақшаның негізгі сомасы ешқайда жұмсалмайды. Қордың айналымындағы қаражат түрлі құнды қағаздарға, облигациялар мен депозиттерге инвестицияланады. Содан түскен инвестициялық табыс қана қордың мақсатына игеріледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум